Басты бет
Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
Мектепке оқуға қалай өтініш беруге болады?
Өтінішті онлайн түрде сайтымыз арқылы немесе қабылдау бөліміне телефон не мессенджерлер арқылы хабарласып беруге болады.
Қандай жастан бастап оқушыларды қабылдайсыздар?
Біз 1-сыныпқа 6 жастан бастап қабылдаймыз
Қабылдау емтихандары бар ма?
Иә, негізгі пәндер бойынша білім диагностикасы және психолог пен мұғаліммен әңгімелесу өткізіледі.
Жеңілдіктер немесе гранттар бар ма?
Иә, көпбалалы отбасылар үшін жеңілдіктер және дарынды балалар үшін гранттар қарастырылған.
Оқыту тілі қандай?
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі
Үйірмелер бар ма?
Иә, мектепте үйірмелер, секциялар және шығармашылық студиялар жұмыс істейді.
Тамақтану қалай ұйымдастырылған?
Мектепте өз асханамыз бар. Тамақтану жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылады.
Мектеп автобусы бар ма?
Иә, мектеп белгілі маршруттар бойынша автобуспен қамтамасыз етеді. Толығырақ қабылдау кезінде білуге болады.
Жыл ішінде басқа мектептен ауысуға бола ма?
Иә, қажетті құжаттарды тапсырып, әңгімелесуден өткен соң ауысуға болады. Жаңа ұжымға бейімделуге көмектесеміз.