Samruk Digital School мектебінің асханасы таңғы ас, түскі ас және бесін асын қамтитын үш мезгіл тамақтануды ұсынады. Барлық тағамдар оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, дене және ақыл-ой денсаулығын қолдауға бағытталған. Біз тек жаңа әрі табиғи өнімдерді қолданамыз. Мәзірде көкөністерге, жемістерге және ақуыздарға бай әртүрлі тағамдар, сондай-ақ арнайы диеталық нұсқалар қарастырылған. Асхана – бұл тек тамақтану орны ғана емес, сонымен қатар оқушылардың тынығып, еркін қарым-қатынас жасай алатын жайлы ортасы.
Samruk Digital School мектебі оқушыларды таңертең және сабақтан кейін ұйымдасқан түрде тасымалдауды қамтамасыз етеді. Тасымалдау қауіпсіз әрі уақытылы жүзеге асырылады, бұл оқушыларға мектепке жайлы келіп, үйлеріне қауіпсіз оралуға мүмкіндік береді. Біз бағыттардың сенімділігіне және жүргізушілердің біліктілігіне ерекше көңіл бөлеміз, сондықтан әрбір бала жолда өзін қауіпсіз сезінеді.